«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті спортшылар, жаттықтырушылар және спорт қызметкерлері!

Айтулы мереке – Спорт күні құтты болсын!

Осынау денсаулық, сергектік және дене шынықтыру мерекесі барлық спорт пен саламатты өмір салтын ұстанушыларды біріктіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы спорт дәстүрлеріне бай. Біздің жерлестеріміздің арасында өз жеңістерімен өңірімізді және елімізді даңққа бөлегендер аз емес. Біз оларды мақтан етеміз. Солтүстікқазақстандықтардың биылғы және былтырғы тамаша спорттық жетістіктері баршаға жақсы аян. Бұлар – Лондон Олимпиадасындағы Александр Винокуровтың, Қазақстан велоспортының тарихында тұңғыш рет андерлер арасында әлем чемпионы болған Алексей Луценконың, Қазандағы Универсиадада ұлттық рекордпен жеңіске жеткен жеңіл атлетші Маргарита Мұқашеваның, таэквондодан әлемнің алтын алқасын жеңіп алған Александр Поляковтың тамаша жетістіктері. Жерлестеріміз 2013 жылдың басынан бері республикалық және халықаралық жарыстарда екі жүзден аса медаль еншіледі. Біздің 295 жерлесіміз – ұлттық құрамалардың мүшелері.

Жоғары жетістіктер мектеп ауласынан, балалардың спорт алаңдары мен секцияларынан бастау алатындығы күмәнсіз. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басым бағыты болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан – 2050” ұзақ-мерзімдік Стратегиясында: “Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады”, – деп атап көрсетті.

Жыл сайын өңіріміздің спорт инфрақұрылымы нығая түсуде, осызаманғы спорт ғимараттары пайдалануға берілуде, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылуда. Биылғы жылы Петропавлда мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін “Үміт” клубы және Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың атындағы Континенттік “KYZYLZHAP VINO 4-ever” велосипед клубы ашылды. Бұған қоса, біз биылғы жылы мұз айдыны және жеңіл атлетика манежі бар осызаманғы жаңа спорт кешенінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.

Біздің басты міндетіміз – облыстың әрбір тұрғыны, әсіресе, жастар үшін спортты қолжетімді ету. Бұл күш-қуаты кемел, саламатты да толыққанды қоғам құру үшін қажет.

Осынау мереке күні барша спортшыларды, жаттықтырушыларды, дене шынықтыру қозғалысының белсенділерін, спорт мектептерінің оқушыларын және бүкіл жанкүйерлер қауымын Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен құт-береке тілеймін! Жаңа спорт шыңдарын бағындыра бергейсіздер!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp