«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ ҚОЮ – қалалық, ауылдық округтер әкімдерінің басты міндеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіров халық қалаулыларының таңдауымен 7 тамызда баламалы түрде жаңадан сайланған аудандық маңызы бар қалалар және ауылдық округтердің әкімдерімен кездесіп, жерлікті тұрғындармен жұмыс істеу барысында басшылыққа алатын келелі міндеттер жүктеді.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Самат Ескендіров:

– Биылғы 7 тамызда халық қалаулыларының таңдауымен өткен саяси науқанда аудандық маңызы бар 4 қаланың және 190 ауылдық округтің әкімі баламалы түрде сайланды. Жаңа сайланған әкімдердің бәрі де жоғары білімді, педагогикалық және ауыл шаруашылығы білімдері мен біліктіліктері бар мамандар. Олардың орта жасы 47-де.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлау қорытындысына арналған Үндеуінде жергілікті әкімдерге әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер, биылғы жылы күшіне енген жаңартылған заңнама бойынша оларға заң жүзінде 67 функция бекітіліп берілгендігін, оның өзі іс жүзінде жергілікті маңыздағы барлық көкейкесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік туғызып отырғандығын атап айтты, – дей келіп, жаңа сайланған әкімдерден шешімін күтетін басты мәселелерге тоқталды. Самат Сапарбекұлының айтуынша, орталық және облыстық деңгейлерден қалалық 227 штат бірлігі берілді. Соның ішінде ауылдық округтердің аппараты 198 бірлікпен нығайтылды. Сөйтіп ауыл әкімдері жергілікті жерде сапалы және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті материалдық-қаржылық және кадрлық ресурстармен қамтамасыз етілді. Сондықтан бірінші кезекте олар жергілікті тұрғындардың шағым-арыздарына, мұң-мұқтаждарына, ұсыныс-пікірлеріне назар аударуы керек. Тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу мәселелері жоспарлы түрде шешімін тауып келеді. Ауылдық жерлердегі жолдарды жергілікті агро-құрылымдармен бірлесе отырып қалпына келтіру, кіреберістерді, көшелерді қалыпты жағдайда ұстау – әкімдердің күн тәртібінен түспейтін мәселелері. Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру, электр қуатын үнемдеу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізу, оқушыларды мектепке даярлау және олардың оқуға түгел қатысуына қол жеткізу, балаларды мектеп жасына дейінгі мекемелермен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту сияқты әлі шешімін күткен мәселелер жетерлік.

Өңір басшысы жаңа сайланған әкімдерге осындай келелі міндеттерді жүктей келе:

– Елбасымыз өз Үндеуінде атап айтқандай, алда Сіздерді барлық қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің игілігі үшін, біздің бүкіл халқымыздың игілігі үшін жауапты жұмыстардың 4 жылы күтіп тұр. Сіздердің еңбектеріңізге тек өз жерлестеріңіздің ғана әл-ауқаты байланысты емес. Бұдан кейін сайланатын барлық әкімдер жұмысының жаңа сапасына жоғары өлшемдер белгілеу де Сіздердің күш-жігерлеріңізге байланысты. Мемлекет басшысы мен бүкіл халық Сіздерден соны күтеді. Сіздердің сол сенімге сай болуларыңызға тілектестік білдіремін! Бәріңіздің еңбектеріңізге жетістік тілеймін! – деді.

Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков жергілікті әкімдерді жаңадан сайлануымен құттықтап, сөз сөйледі.

Кездесуден кейін барлық деңгейдегі әкімдерге арнайы ұйымдастырылған семинарды облыс әкімі аппаратының басшысы Владимир Дудов жүргізді.

 

Суреттерді түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp