«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

4,5 МИЛЛИОН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ Спорт күнін мерекелеуге қатысады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні “Саламатты ұлт – саламатты ұрпақ” акциясына 4,5 миллионнан астам адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Тастанбек Есентаев мәлім етті.

“ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен “Саламатты ұлт – саламатты ұрпақ” акциясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы акцияға Қазақстанның барлық өңірлерінен 4,5 млн. адам қатысады деп күтілуде. Шара 15-18 тамыз аралығында өтетін болады. Оның аясында жалпы спорттық сайыстар, салтанатты жиындар, дене тәрбиесі мен спорттың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімдері өтеді”, – деді Т.Есентаев.

Сонымен қатар, Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбрайымов, Серік Сәпиев, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Болат Жұмаділов, Ислам Байрамуков, Мұхтархан Ділдәбеков, Олимпиаданың қола медаль иесі Арман Шылманов, “Қазақстан Барысы” турнирінің 2013 жылғы жеңімпазы Айбек Нұғымаров пен өткен жылғы атақ иесі Бейбіт Ыстыбаев және 2013 жылғы Сурдлимпиадалық ойындарда алтын алқа таққан Ғабит Есжанов қатыспақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp