«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АБАЙЛАҢЫЗ: БАЛАЛАР!”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыркүйектің 2-сі мен 5-і аралығында облысымызда “Абайлаңыз: балалар!” атты жедел-алдын алу шарасы өтуде. Жол полицейлері күшейтілген қызмет тәртібіне көшті. 

Барлық мектептерде 1 қыркүйектен бастап кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар қызметтеріне кірісті, ал жол полицейлері Білім күні білім беру ғимараттарының маңындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылады. Бұл күні сынып сағаттарында және салтанатты сапқа тұру жиындарында жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі жөнінде тағы да айтылды.  

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 35 бала зардап шегіп, 2 бүлдіршін қаза тапты. Бұл статистика жол полицейлерінің балалардың қатысуымен болатын жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау бойынша жұмысын белсендіре түсуіне түрткі болып отыр. Жол полицейлері атап көрсеткеніндей, мектеп оқушылары жапа шеккен жол апаттарының орын алуына жүргізушілер ғана емес, сонымен қатар жас жаяу жүргіншілер де кінәлі. Олар көбінесе жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның жасылы жануын тоспау, жақын келген көліктің өтіп кетуін тоспау сияқты тәртіп бұзуға жол береді.

Жол полициясы басқармасының қызметкерлері “Абайлаңыз: балалар!” акциясы кезеңінде жүргізушілерді елді мекендерде және одан тысқары жерлерде көліктерінің жарығын жағып жүруге шақырады.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp