«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АМОНАШВИЛИДІҢ АВТОРЛЫҚ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Таяуда Алматы қаласындағы “Бөбек” Ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім орталығында “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Назарбаеваның бастамасымен Ресей білім академиясының академигі, профессор, психология ғылымының докторы, халықаралық ізгілік педагогикасы орталығының президенті Шалва Амонашвилидің авторлық семинары өтті. Ол “Білім беру үдерісінде балаларға ізгілік-тұлғалық әрекет ету негіздері” тақырыбына арналды. 

Семинардың бірінші күні мейірімділік, жылылық, бірлік және бір-бірін түсінушілік сияқты ерекше көңіл күй ахуалын қалыптастырды. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған Сара Назарбаеваның айтуынша, біздің барлық өміріміз сүйіспеншілікке негізделген. Балаларымыздың алғашқы күнінен бастап олардың бойына сүйіспеншілік, кешірімділік, шыдамдылық және қайырымдылық сияқты асыл адами құндылықтарымызды сіңіре беруіміз керек. Бұл бала жанын қаталдық пен өзімшілдік мінезден қорғайды.

Шалва Амонашвилидің білім беру үдерісінде балаларға ізгілік-тұлғалық әрекет ету негіздері бойынша бүгінгі таңда жақын және алыс шетелдердің көптеген мұғалімдері жұмыс істейді. Шалва Александрович педагогтерді өздерінің шеберліктерін үнемі шыңдау және педагогикалық даналықтың таза әрі бай мұраларын пайдалану керектігін айтты. Ұлы педагог өзінің білімі, тәжірибесі, балаларға деген терең де тұңғиық күш-жігері жайлы жиналғандардарға асқан шеберлікпен баяндады. Ол Алматы қаласындағы “Бөбек” мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері және оқушыларымен бірге ашық сабақ түріндегі шеберлік сыныбын өткізді.  

Сонымен қатар семинарға басқа да елдердің атақты педагогтері қатысты. Шалва Амонашвилидің өткізген сабақтарынан рухани қуаттанған біздер алған әсерімізбен бөлісуге өзіміздің біліктілікті арттыру институтындағы тыңдармандарымызға асықтық. Жұмыс соңында барлығымызға халықаралық семинардың қатысушысы сертификаттары берілді.

Гүлбаршын НҰРСЕЙІТОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру

Ұлттық орталығы” АҚ

СҚОФ ПҚ БАИ

аға оқытушысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp