Облыс құрамасы Ақмола облысының Щучье қаласында жазғы биатлон жарысында жақсы нәтижеге қол жеткізіп қайтты. Жарыстың алғашқы кезеңі 28-31 тамыз аралығында өтсе, екіншісі 22-26 қыркүйекте Алматыда жалғасады.
Щучьеге Алматыдан, Қарағандыдан, Павлодардан, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарынан биатлоншылар жиналды. Олардың арасында жерлестеріміз де өнер көрсетті.
Биатлоншылар спринт пен жеке жарыста шеберлік салыстырды.
Жеке жарыста жоғары спорт шеберлігі мектебінің оқушысы ҚР спорт шебері Марина Вострикова үшінші орын алса, жасөспірімдер арасында Инеш Жамықова екінші орын еншіледі.
Денис Чумановтың үшінші орын иеленуіне үш секунд уақыт жетіспей қалды.
Осы жарыста сынға түскен Антон Жданович пен Алтын Агатова спорт шеберіне кандидат нормативтерін орындады. Жыл басынан бері облысымыздың барлығы сегіз биатлоншысы осы дәрежеге қол жеткізді.
Спортшылар бапкерлері Игорь Ильин мен Виталий Дурневтің үмітін ақтады деуге болады.
СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.