«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЫМЫ ҚАЛМАҒАН ДҮҢГІРШЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаламыздың жылдан-жылға жақсарып келе жатқаны жайлы жазылып та жатыр, айтылып та жатыр. Солай екендігіне көбіміз көз жеткізіп те жүрміз. Бірақ… көңіліңді бұзып, қынжылтатын сәттер де кездеспей қоймайды.

Енді мына суретке назар аударыңыз. Бұған дейін ұсақ сауда жасалып келген бұл дүңгіршек Жамбыл және Интернационал көшелерінің қиылысында, нақтыласақ, “Тайга” базарының дәл қарсысында орналасқан. Ол өзі өртенді ме, әлде белгісіз біреулер өртеді ме, әйтеуір, отқа оранған. Сондықтан да дүңгіршектің ішінің астан-кестені шығып жатыр. Ал оны қашан өрт шалғаны белгісіз, арада аз уақыт өте қоймағаны да анық.

Бұған қарап не айтуға болады? Қаланың шеті болса бір сәрі-ау, дәл қақ ортасындағы мұндай қораш көрініс облыс орталығына лайықты ма?

Қошан ҚАЛИ.

СУРЕТТЕ: Петропавлдағы “Тайга” базарының жанындағы өртенген дүңгіршек.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp