«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛДЕГІ ЕҢ ЕРЕСЕК ЖҮГІРУШІ жайлы туынды жарық көрді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Северный Казахстан” баспасы “Атақты жерлестеріміз” сериясымен “Өзге өмірге жүгіріп енген” деп аталатын алғашқы кітапты жарыққа шығарды.
Бұл кітапта зейнеткер, бала күнінен мүгедек, 67 жасынан бастап марафон жарысымен шұғылданған Софья Сұлтанованың қилы тағдыры жайында баяндалады.

78 жастағы С.Сұлтанованың марафон жарысына ден қойғанына он жылдан асты. Осы уақыттың ішінде ол 2 аса шалғай марафонға, 30 ұзақ қашықтықтардағы жарыстарға, 26 жартылай марафонға қатысты.

Ол 23 мәрте 10 шақырымдық жарыстарда сынға түсті.

С.Сұлтанова көп жылдар бойы Қазақстандағы ең ересек жүгіруші атанып келеді.

– Кітаптың алғашқы бөлімінде он жыл ішінде қатысқан барлық жарыстарымды қамтып шықтым,– деді шығарманың кейіпкері облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.– Ал екінші бөлімінде өмірбаян деректерім, өзім жайлы мақалалар, марафондардың, алқаларымның, марапаттарымның және жеңіп алған кубоктарымның суреттері орналастырылды.

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp