«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕТІМДЕРДІ ЖЫЛАТПАУДЫҢ ЖОЛЫ КӨП…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға және өз өкілеттіктері шегіндегі басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осы балалардың заңды өкілдеріне жүктеледі. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау оларды – отбасыларда (асырап алуға, қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа, патронатқа) тәрбиелеуге, ал мұндай жағдай мүмкін болмаған жағдайда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асады.

Бала асырап алу – сот шешімі негізінде баланы отбасыда тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, оның нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер туындайды.

Қорғаншылық он төрт жасқа толмаған балалардың және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысаны болып табылады.  

Қамқоршылық – он төрттен он сегіз жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарына салыну салдарынан әрекет қабілетіне сот шектеу қойған кәмелетке толған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау нысаны.

Патронат – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметтерін жүзеге асыратын орган мен баланы тәрбиеге алуға ниет білдірген тұлға арасындағы келісім бойынша отбасыларға патронаттық тәрбиеге беру түрі.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың мүдделері үшін отбасыларға қорғаншылық немесе қамқоршылыққа, я болмаса келісім арқылы патронаттық тәрбиелеуге беру, мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда барлық үлгідегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдарға бергенде оның ұлты, белгілі бір дінге, мәдениетке қатыстылығы, ана тілі, оқыту мен тәрбиелеуде сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі керек.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар отбасы да тәрбиелеуге немесе ұйымдарға орналастырылғанға дейін қорғаншылық я қамқоршылық міндетті атқару баланың тұрған жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын органдарға жүктеледі.

Елена ЕПИХИНА,

СҚО Әділет департаменті азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын ұйымдастыру

бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp