Таяуда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасында ұжым басшысының орынбасары Азат Омаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңдарының талаптарын оқып-білуге арналған талқылау өтті.
Басқосуға Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, спорт ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, басқармаға қарайтын мекемелердің есепшілері жиналды.
Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жеморлықпен күрес туралы” Заңын талқылау бойынша облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Юрий Наумочкин мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі департаментінің инспекция және мемлекеттік қызметтерге баға беру бөлімі басшысы – тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Дулат Тайшыбай ойларын ортаға салды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі облыстық департаментінің мемлекеттік қызметтен өту және қызметшілерге баға беру бөлімінің басшысы Елена Степаненко жиналғандарды Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстырды, мемлекеттік қызметтен өту мәселелерін қамтитын қолданыстағы заңнамаларға түсініктеме берді.
Жиында “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңға да назар аударылды.
Талқылауға қатысқандар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді сұрап біліп, ұсыныстарын айтты.
СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.