«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕБІМ – БІЛІМ ОРДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл сайын құлпырады, түрленеді,
Шаттанып шәкіртімен гүлденеді.
Жұмабек Тәшеновтің атындағы
Мектебім талай сайыс жүлдегері.

Елімнің өткені мен бүгінгісін,
Дәріс қып танытады білім күшін.
Ішінен шәкірттердің таңдап алып,
Бәйгеге сұрыптайды білімдісін.

Мектебім, арта берсін бақ-талабың,
Әрқашан табысыңмен мақтанамын!
Өзіңе деген ыстық тілегімді
Балауса өлеңіммен ақтарамын.

Алтын ұя ордасың, бүгінде құт –
Жүрсің ғой бізге шалқар білім беріп.
Он жылдық мерейтойың құтты болып,
Басайық бірге қадам, сүрінбелік!

 

Аққу СЕРІКОВА,
№20 орта мектептің 11-сынып оқушысы.
Петропавл қаласы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp