Beeline Қазақстан “Мектепке жол” республикалық науқанының әріптесі болды. Қайырымдылық науқаны ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Жобаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың мектеп жасындағы балаларына оқу жылына даярлануға көмек беру. Осы жылы “Beeline” жүздеген мұқтаж оқушыларға қажетті оқу құралдарымен толтырылғын оқушылар сөмкесін тарту етеді.
“Осымен қатарынан алтыншы жыл “Мектепке жол” науқанының аясында Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары, біздің кішкентай азаматтарымыздың тағдырына немқұрайды қарамайтын жандардан қайтарымсыз көмек алуда. Жыл сайын қол ұшын берер жандардың қатары көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Біздің науқанға кәсіпкер-компаниялар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және қатардағы азаматтар қолдау көрсетуде. Жобаға жыл сайын қолдау көрсетіп жүрген дәстүрлі әріптестерімізге, соның ішінде Beeline Қазақстан компаниясына, осы жылы жобаға мобильді көмек көрсеткені үшін де ерекше алғыс білдіреміз”, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер.
“Өзара қолдау көрсету, қайырымдылық жасау және көмектесуге ұмтылу – бұл қазақ жерінде ежелден келе жатқан құндылықтардың ажырамас бөлігі. Әдеттегідей сыйлықтар табыстаумен қатар, біз осы жылы науқан туралы ақпараттық SMS-жолдауды ұйымдастырдық. Көптеген қазақстандықтар жоба туралы біле отырып, ізгі іске ат салысатынына, қалыс қалмайтынына сенімдіміз”, – деп Beeline Қазақстан компаниясының корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь өз ойымен бөлісті.
ҚР БҒМ-нің мәліметі бойынша, “Мектепке жол” науқаны барысында өткен жылдар ішінде 1 млн. астам балаға жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден асатын көлемде материалдық көмек көрсетілді. Науқанға балалар құқығын қорғау бойынша облыстық Білім басқармалары арқылы немесе ҚР Балалар құқығын корғау комитеті арқылы қатысуға болады. Толығырақ www.bala-kkk.kz сайтында.
(Өз тілшімізден).