«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ ШАРУАЛАРҒА ҚАЖЕТ ТЕХНИКАНЫ АРЗАНДАТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болатбек МҰҚАШЕВ,

“Қазагромаркетинг” АҚ филиалының директоры.

Елімізде 2013 жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ауыл шаруашылығы техникасының кредиттік (лизингтік) міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату бағдарламасы іске асырыла бастады.  

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту Үкімет жүргізіп отырған жұмыстардың басымды бағыттарының бірі екені белгілі. Аталған салаға мемлекеттік субсидиялардың ауқымды көлемі бөлініп, арнайы бағдарламалар әзірленуде. Ел өмірінде елеулі орын алатын саланы техникалық қайта жарақтауға орасан зор көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған “Агробизнес – 2020” бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2013 жылдан бастап ауыл шаруашылығы машиналарының паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасын қабылдады.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету. Субсидиялау лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-дан аспайтын қарыз алушыларға беріледі, оның 7%-ын лизинг алушы төлейді, қалған 7%-ын мемлекет өтейді. 2013 жылы қаржы лизингі шартын жасаған лизинг алушының сыйақы ставкасын төмендетуге мүмкіндігі бар.  

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген лизинг алушылар, кредиттік шарты бойынша міндеттемелер алған өзінің банкі мен кредиттік ұйымына тиісті өтініш бере алады.

Бағдарлама туралы толықтай ақпаратпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі №730 қаулысымен бекітілген, 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерін арзандату бойынша субсидиялау қағидаларында танысуға болады.

Бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат алу үшін “Қазагромаркетинг” АҚ call-орталығына 8 800 080 70 80) нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) хабарласуға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp