«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕР ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ акциясы өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында “Даму” қоры жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығы “Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатымен бірлесе отырып, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау құралдары туралы ақпараттық акция өткізді. Оған нұротандықтар 14-29 аралығындағы жастарды шақырып, оларды толғандырған мәселелер бойынша толыққанды жауап беруге маман-кеңесшілерді тартты. Осы шара барысында петропавлдық жас тұрғындар әлеуметтік мәселелер төңірегінде ғана емес, сондай-ақ қолжетімді тұрғын үй немесе балабақшадағы орын туралы және оларға мемлекеттің көмегі жайында кеңейтілген ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болды.

– Бүгінгі таңда “Жас Отан” ұйымы көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарып, партиямыздың алға қойған міндеттерін орындауға белсенді ат салысуда. Бүгінгі шара “Даму” қорымен бірлесіп өткізген бірінші шара емес. Біздің өзара іскерлік байланысымыз әлі де өз нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын, – деді партияның жастар қанатының атқарушы хатшысы Мұса Танақұлов.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp