«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮМІТТІКТЕР” – ЖАРЫС ҮЗДІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қырғызстанда, Ыстықкөл жағасындағы Бостери кентінің маңында есту қабілеті нашар футболшылардың арасында өткен жағажай футболынан халықаралық жарысқа петропавлдық ойыншылар да қатысып қайтты.

Алқаларды алты команда сарапқа салды. Олардың екеуі Бішкектен болса, қалғандары Астана, Алматы, Қарағанды және Петропавл қалаларынан.

Жерлес футболшыларымыз Астана командасын 3:0, Бішкектің жастар құрамасын 4:1, Қырғызстан астанасының ересек ойыншыларын 1:0 есептерімен ұтып, қарағандылықтармен 2:2 есебімен тең ойнады.

Біздің командамызда Андрей Власин, Ильнур Юнусов, Евгений Гриднев, Камиль Сюникаев, Денис Кожукалов, Дмитрий Шуварин, Константин Абсалямов, Иван Гвоздев, Ринат Нұржігітов көл жағасындағы ойындарда сынға түсті.

Қарсыластар қақпасына бес доп соққан Евгений Гриднев “Мерген шабуылшы” атанды.

Биыл Петропавлда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған “Үміт” клубы ашылғанды. Ол шаңырақ көтерген күннен бергі клуб мүшелерінің бұл жеңісі – оның халықаралық жарыстағы алғашқы мерейі.

Команда бапкері Владимир Фоленвейдер “Үміт” клубы ашылғаннан бері облыс басшылығының, сондай-ақ Дене шынықтыру және спорт басқармасының қамқорлығын көріп келе жатқанын тілге тиек етіп, жаз айларында ойыншыларға жақсы жағдай жасаған “Қарасай” жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Марат Шәріповке ризашылығын білдірді.

 

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp