«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АТЫНА ЗАТЫ САЙ “БАЛДӘУРЕН”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Булаево қаласындағы “Балдәурен” балабақшасында санаторийлік-сауықтыру тобы ашылды.

Бұл топтағы 25 бүлдіршін аз қамтылған және туберкулез қаупі бар отбасылардан тоғысқан. Олардың тамақтануы да тегін. Онда тәрбиешілер Г. Шаришева мен О. Ткаченко “Зерек бала” білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Бұл топтың балаларын медициналық қызметкер күнде тексеріп, бақылауда ұстайды. Аталған топ барлық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

“Балдәуренде” 4 топ бар, оның ішінде 2-іне мемлекеттік тілде тәрбие беріледі. Жалпы балабақшада 120 бала тәрбиеленеді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp