«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚАН БАЙМАҒАМБЕТОВ ҚОЛА АЛҚАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы “Жеңіс” спорт мектебінде жаттығатын грек-рим күресі бойынша белгілі жас балуан Ақан Баймағамбетов Болгариядағы әлем чемпионатынан олжалы оралды.

Республикамызға танылған бапкер Қонысбек Түкеновтің шәкірті Болгарияның астанасы София қаласында өткен 1993-1995 жылдары туған жастардың әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының намысын қорғады. Ол 55 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қола алқаға қол жеткізді. Осы жетістігімен жерлесіміз Халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындады.

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp