Кекілімнен сипап тұрып, тараған,
Қандай жақсы, менің ағам, жан ағам.
Қарындасқа бар мерейін төгетін
Бауырымды батырыма балағам.
Аға өсті де, ал қарындас жетті бой,
Басымыздан талай қызық өтті ғой.
Алыстағы бауырымды сағынып,
Сағынышты жыр төгіліп кетті ғой.
Асылтас ҚАЙЫРБЕК,
Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің
11-сынып оқушысы.
Шал ақын ауданы.