«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗҒАН ҚОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қайырымдылық шараларымен белгілі “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры жарты жылда атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш қайырымдылық қоры 11-ден астам шара өткізген. Барлық іс-шаралардың басты мақсаты балаларға көмектесу болып табылады. Қор биылғы жылдың мамыр айында тіркелсе де, өзінің жұмысын ертерек бастап кеткен. Тұңғыш іс-шара наурыздың 22-сі күні өтті. “Мейірбан қолдар” акциясы аясында 85 отбасы әртүрлі көмек түрлерін алды. Соның ішінде бөбектерге ойыншықтар, киім-кешектер мен мектеп жасындағы балаларға оқу құралдары табысталған.  

Биылғы түлектер мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға қаржылай көмек көрсеткен қор сондай-ақ 200-дей балаға ойыншықтарды сыйға тартқан. Ол ойыншықтарды қала тұрғындары “Рахмет”, “Корона”, “Ласточка” сауда орындарына қойылған жәшіктерге тапсырып отырған. Қазіргі таңда да мұндай жәшіктерге ойыншықтар мен балаларға қажетті киім-кешектерді әкеліп беруге болады. Қолы ашық кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының арқасында іске асып отырған қайырымдылық шаралары мұнымен аяқталмақ емес. Бала денсаулығына үлкен көңіл бөлетін қор науқас бүлдіршіндерді қажетті ем-доммен қамтамасыз етуді қолға алған. Мәселен, тірек-қимыл аппараты зақымданған бүлдіршіндер үшін иппотерапия емі Бескөлдегі ипподромда жүйелі түрде өткізіліп келеді. Қор ашылған кезде созылмалы дертпен ауыратын нәрестелері бар 4 ата-ана көмек сұрап келген. Қазіргі таңда солардың үшеуіне қаржылай көмек көрсетілді. Туабітті дертке шалдыққан 4 жасар Вячеслав Шевелевке Бішкек қаласында жасалатын отаға қажетті сома жинап берілді. Жүрегіне күрделі ота қажет 6 жасар Кирилл Сухомлиновке 200 мың теңгеге жуық қаражат аударылды. Балаға ота Түменде жасалады екен. Негізінен отаға қажетті сома – 3 мың рубль. Есту қабілетінен айырылған Гриша Гречкин есімді 7 жасар ұл балаға қажетті есту аппаратына 190 мың теңге де қордың көмегімен табылып отыр. Бұл қаражаттың барлығы облыс орталығының ірі сауда орындары мен дүкендеріне қойылған жәшіктер арқылы жиналған, – дейді қор президенті Галина Бондаренко.

Алдағы уақытта қор “Күзгі бал” мерекесін өткізуді ұйымдастырып отыр. Баспасөз мәслихатын пайдалана отыра, қор әкімшілігі өңірлік суретшілерге өз туындыларын сатылымға ұсынып, сол арқылы созылмалы дертке шалдыққан балалардың еміне демеу көрсетуге өтініш білдірді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp