Қазақстан әлемдік экономиканың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде өз позициясын жақсартты, сөйтіп 51-ші орыннан 50-ші орынға көтерілді.
“Елдің артықшылығы – оралымды және тиімді еңбек рыногында (15-ші орын) және тұрақты макроэкономикалық көрсеткіште (23-ші орын)”, – делінген Дүниежүзілік экономикалық форумның есебінде. Сарапшылар Қазақстанның проблемалық салаларына денсаулық сақтау мен бастауыш білімді (97-ші орын), бизнесті дамытуды (94-ші орын) және инновацияны (84-ші орын) жатқызады.
Бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 2011-2012 жылдары 72-ші орын, 2012-2013 жылдары 51-ші орын алды.
Қазақстанның шекаралас көршілері Қытай мен Ресей тиісінше 20-шы және 64-ші орындарда орналасқан. Көш басында бұрынғысынша Швейцария, Сингапур және Финляндия келеді. Олардан кейінгі орындарда Германия, АҚШ, Швеция, Гонконг, Нидерланды, Жапония және Ұлыбритания. Рейтингтің көш соңындағы 146-148-ші орындарда Бурунди, Гвинея мен Чад тұр.
(Ресми ақпарат).