Қазақстан Beeline компаниясы өздерінде жұмыс істейтін декреттік демалыстағы әйелдерді қолдауға шешім қабылдады. Қызметкерлер ай сайынғы кірістерінің деңгейіне қарамай-ақ, толыққанды өтемақы алуға құқығы бар.
Үстіміздегі жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс енгізілгенін естеріңізге салсақ, оған сәйкес декреттегілер үшін төлемнің ең көп мөлшеріне шектеу қойылған болатын. Енді “Beeline” орташа кірістері айына 186 600 теңгеден (10 АЕК) артық болатын қызметкерлері үшін мемлекеттік төлемдерге қосымша материалдық көмек ұсынады, ол туу және жүктілік жөніндегі түпкі төлем мөлшерін толығымен өтейді.
Мәселен, егер қызметкер айына 300 000 теңге табыс табатын болса, онда мемлекет 783 720 теңге төлейді, ал “Beeline” оған қосымша 476 280 теңге береді.
Beeline Қазақстан компаниясының қызметкерлерімен жұмыс және ұйымдастыруды дамыту жөніндегі директоры Дана Жақыпованың айтуынша, “Beeline” – өте үлкен компания, онда әр апта сайын дүниеге сәби келеді. Жаңа туған сәбиді күту көп күш-қуатты, уақытты және ақшаны қажет етеді. Әрі жас босанған аналар өздерін жайлы сезінулері керек. Жақсы жұмыс әр кез жақсы сыйақыға ие болуы тиіс. Сондықтан олар өздерінде жұмыс істеп, декретке кеткен қызметкерлері үшін “Beeline” компаниясында шын ниеттерімен қолдау көрсетуде.
2013 жылдың ақпанынан, яғни ҚР Еңбек кодексіне өзгертулер енгізілгеннен кейін декреттік демалысқа шыққан қызметкерлеріне толық көлемде төлем жасауға компания міндеттенеді.
(Өз тілшімізден).