Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың “Жұлдыздар” отбасысының тәрбиеленушілері жаңа оқу жылына сақадай-сай келді. Ондай мүмкіндікті жасауға сүйікті демеушілері – “СевКазЭнерго” АҚ атсалысты. Бұл ұжым балалардың жаз бойы жақсы демалып, жаңа оқу жылына зор құштарлықпен кірісулері үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасауға тырысты.
Білім күні қарсаңында балаларды әдеттегідей энергетика саласының қызметкерлері сыйлықпен қарсы алды. Мектеп оқушыларын “СевКазЭнерго” АҚ Басқармасының төрағасы Еділ Көпенов құттықтады. Солтүстік Қазақстан облысының бас энергетигі балалардың оқитын сыныптары мен жатын бөлмелерін аралап шықты. Өздеріне жайлы ахуал қалыптастырған “СевКазЭнерго” АҚ ұжымына балалар да алғыстарын айтты.
Еділ Құдайбергенұлы да тәрбиеленушілерге жаңа оқу жылында үздік бағалар мен қызықты оқиғалар тіледі. Сонымен қатар болашақта мектеп бітірген кезде олардың күнделікті өмірге қажетті де таптырмайтын мамандық – энергетиктікті таңдауларына кеңес берді. Сондай-ақ “СевКазЭнерго” АҚ-ның басшысы осы мамандықты таңдаған әрбір оқушыны өзінің қарамағына жұмысқа алатынын, өйткені өндірісте жақсы мамандар қашан да сұранысқа ие екенін айтты.
Еділ Көпенов балалар оқуда өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланулары үшін оларға кеңсе тауарлары жиынтығын сыйлады, ал жазды лайықты шығарып салулары үшін “Нептун” аквапаркіне билеттер әперді.
“СевКазЭнерго” АҚ-ның
қоғаммен байланыс бөлімі.