«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮДІКТІНІ АРАШАЛАЙМЫН ДЕП, УӘДЕ БЕРІП… Полиция бөлімі бастығының орынбасары үстінен қылмыстық іс қозғалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы 1-інші полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ол алаяқтық фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша (жанар-жағармайдың жалған талондарын сату) күдікті болып табылатын азаматты алдап, сеніміне кіру арқылы оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатамын деп уәде беріп, 500 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденген.

Қылмыстық іс мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті тұлға жасаған алаяқтық бабы бойынша қозғалды.

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp