«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері Петропавл қаласы аумағында 163 өрт болып, одан 12 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта5 адам қаза тауып, 12 азамат жарақат алды.

Облыс орталығында болған төтенше жағдайларды сараптау барлық өрттің 80 пайызы тұрғын үй секторында орын алғанын, жыл басынан бері ондай 100 оқиға тіркеліп, 5 млн. теңгеден астам материалдық шығын келгенін көрсетеді.  

Петропавлдықтардың үйлерінде өрт шығуының алдын алу, болуы мүмкін бақытсыздықты азайту мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың қызметкерлері апта сайын облыс орталығындағы тұрғын үйлерге рейдтер ұйымдастырып, тұрғындарға өртке қарсы ереженің бұзылуын қалай ретке келтіру жөнінде ақыл-кеңестер беруде. Жыл басынан бері олар осындай міндетпен Жұмысшы және Заречный ықшамаудандарында болды. 3 қыркүйекте Бензостройдағы жеке тұрғын үйлерді аралады.

ТЖ мамандары тұрғындарға жадынамалар таратып, үйдегі өртке қарсы тәртіпбұзушылықты жою, жылыту маусымына дайындалу тақырыптарында әңгімелер өткізді. Қылышын сүйреткен қыс та алыста емес. Суық түсе төтенше жағдайға ұшыратпас үшін үйдегі “жылу сыйлайтын” жалғыз пештің техникалық жағдайына баса назар аудару қажет.  

Өртке қарсы қызмет офицерлерінің осылайша үйді-үйді аралап, ақыл-кеңестер беруіне жергілікті тұрғындар түсіністікпен қарайды. Өйткені, олар өрт қауіпсіздігіне байланысты өздеріне қажетті ақпаратты баспанасынан ұзап шықпай-ақ ала алады.

Петропавл қаласы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту мақсатында осындай рейдтер алдағы уақытта да жыл соңына дейін барлық шағынаудандарда жүргізіле беретін болады.

Петропавл қалалық ТЖ басқармасы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp