Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Тамаша да нұрлы мереке – Отбасы күні құтты болсын!
Үстіміздегі жылы еліміздің Президенті жаңа мереке – Отбасы күнін белгіледі.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында ана мен баланы қорғауды “жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі” деп жариялады.
Отбасы, сүйіспеншілік және адалдық – адамның өмірін ерекше мағыналы ететін, жүректерімізде қамқорлық пен шапағатты оятатын мәңгілік құндылықтар. Нақ осы отбасыда біз алғашқы қадамдар жасаймыз, әлемді танып-білеміз, қолдау мен түсіністік табамыз.
Бүгінгі таңда мемлекеттік биліктің күш-жігері берік отбасы негіздерін қолдауға бағытталған. Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия осы мақсатпен құрылған. Біздің облыста білім беру және медицина мекемелерінің базасы жетілдірілуде, жас және көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үйлер тұрғызылуда, әлеуметтік жәрдемақы толық көлемінде төленуде. Біз берік те кінәратсыз отбасы – күшті елдің негізі деп білеміз. Нақ сондықтан да әлеуметтік-демографиялық мәселелер – ұдайы назарымызда.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 1600-ден астам жұп шаңырақ көтерді. Жаңа отбасыларға зор бақыт, мәңгілік махаббат, шыдамдылық пен даналық тілеймін! Біріңізді біріңіз аялаңыздар, бірге өткізетін күндерді шаттыққа бөлеңіздер!
Тек қана берік отбасыларда бақытты балалар өседі, қоғамның адамгершілік негіздері сақталады. 2013 жылы қазірдің өзінде облысымызда 2000-нан астам нәресте жарық дүниеге келді. Олардың бәрі де аман-сау және бақытты, Қазақстанның лайықты азаматтары болып өсе берсін!
Барша ата-аналар мен көпбалалы отбасыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз игілікті болсын, ал оның жемісі Сіздер үшін сан жылдар бойы мақтанышқа айналғай!
Айтулы мереке әркімнің өзінің жұбайына, ата-анасына, балаларына, немерелеріне көбірек көңіл бөлуіне көмектеседі, сөйтіп, осы қамқорлықтың нәтижесінде туған жерімізде берік те тату отбасылар саны тоқтаусыз өсе береді деп үміттенемін.
Сіздерге шын пейілден татулық пен қуаныш, жақсылық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен үйлесімділік тілеймін!
Самат ЕСКЕНДІРОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.