Азамат ӘБДІМОМЫНОВ:
(Қазақстан Республикасының өкілі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі Азамат Әбдімомыновтың “Жиырмалық тобы” саммитінде сөйлеген сөзінен).
«Жиырмалық тобы» (G20) аса маңызды халықаралық экономикалық және қаржы мәселелері бойынша жетекші форум болып табылады.
G20 құру мақсаты – Бреттонвуд жүйесі шеңберінде экономика және қаржы саясатының негізгі мәселелері бойынша талқылауды кеңейту үшін экономикалар арасындағы бейресми диалогтың жаңа механизмі жұмысын қамтамасыз ету.
G20 саммитіне Қазақстан ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) өкілі ретінде шақырылды. Бұл саммитке қатысу Қазақстан үшін әлемдік деңгейде өз күн тәртібін жылжыту, сыртқы саясат және халықаралық беделін нығайту тұрғысынан алғанда бірегей мүмкіндік болып табылады.
Ресейлік тараппен келісім бойынша Астана экономикалық форумы (АЭФ) Ресей Федерациясының G20-да төрағалық етуімен өтетін аутрич-іс-шаралар бағдарламасына енгізілген болатын.
Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның «дөңгелек үстелі» жұмысында әлемдік экономиканы дамыту бойынша АЭФ-тың ұсынымдары әзірленді. Аталған ұсыныстар мен ұсынымдар G20 мемлекеттерінің басшыларына, халықаралық және өңірлік ұйымдардың басқарушыларына G20 саммитінде талқылау үшін жіберілді.
2012 жылғы 1 желтоқсанда Ресей Федерациясы тарихта бірінші рет өзіне «Жиырмалық тобына» төрағалықты алды.
2013 жылғы ең басты оқиға 5-6 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында өтетін «Жиырмалық тобы» мүше-мемлекеттері көшбасшыларының саммиті болды.
Ресей Федерациясы G20-шы Төрағалықты 7-ші саммитті өткізген Мексикадан қабылдап алды. 7-ші саммиттегі негізгі назар экономикалық мәселелер мен Еуропадағы борыш дағдарысына аударылған болатын.
2014 жылы «G20» төрағалық – Австралияға, ал 2015 жылы Түркияға берілетін болады.
Осы жылғы саммиттегі Ресей төрағалығының орталық міндеті – форумның күшін негізгі экономикалық және қаржы мәселелері бойынша шаралар қабылдауға шоғырландыру.
Бұл мәселелерді шешу үшін жағдай жасау «Жиырмалық топтың» негізгі мақсаты болып табылады.
Ресейлік төрағалықтың ойынша, бұл мақсатқа келесі үш басым бағыт бойынша қол жеткізілуі тиіс:
– инвестицияларды ынталандыру;
– нарықтарда сенімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету;
– реттеу тиімділігін жоғарылату.
«Жиырмалық топтың» ұсынылған сегіз тақырыбы Ресей төрағалығының осы үш басымдығының аясында қалыптастырылған.
Ресей Федерациясы G20-ға төрағалық ете бастағаннан бері Қазақстанның өкілдері G20 жұмысына өкілдер арналары бойынша жұмыспен қамту, энергетика, сауда бойынша жұмыс топтарына, сондай-ақ жастар форумына қатысты. Жалпы қазақстандық тарап өкілдердің үш кездесуіне қатысты.
Өкіл (шерпа) «Жиырмалық топ» мүшемемлекеті басшысының сенім жүктелген тұлғасы болып табылады. Қазақстандық тараптың өкілі – Азамат Әбдімомынов. Өкілдің міндеттеріне саммитке дайындалу барысында келіссөздер жүргізу, күн тәртібін үйлестіру және ең жоғарғы саяси деңгейде келісім табу кіреді.
Осы кездесулердің негізгі мақсаты жұмыс топтары қызметінің нәтижелерін көрсету және Әлемдік экономика және қаржы, Жұмыспен қамту, Сауда, Энергетиканың тұрақты дамуы, Даму мәселелері, Жемқорлыққа қарсы күрес бағыттары бойынша G20 мемлекеттері көшбасшыларының Декларациясы жобасына алдынала ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Энергетика
G20 пікірталастары Қазақстанның жаңартылмалы энергияны қолдайтын өз бастамаларын ұсынатын тамаша тұғырнама болып табылады.
Қазақстан жақында қабылданған «жасыл экономика» стратегиясы, «жасыл көпір» және «EXPO – 2017» бастамаларына қоса, тұрақты энергетика бойынша қағидаттар мен шараларды қолдайды.
Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында «жасыл экономика» стратегиясын әзірлеген бірінші мемлекет болып табылады.
Аталған шара 2050 жылға дейін елдің ағымдағы экономикалық өсіміне жыл сайын ЖІӨ (жалпы ішкі өнімге) 3%-ға дейін қосып, 600 000 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Қазақстан аймақтағы мемлекеттердің үдемелі дамуына өз жауапкершілігін түсінеді. Қазіргі таңда дамуға және техникалық жәрдемдесуге көмек көрсету бойынша «ҚазЭйд» Ұлттық агенттігін құру бойынша жұмыс аяқталу сатысында.
Орталық Азияда тұрақты энергетиканың даму мәселелері су ресурстары және аймақтық қауіпсіздік мәселелерімен тікелей байланысты. Біз су ресурстарын қолдану мәселесінде шекара ішінде орынды қолдану бойынша шаралар қабылдап, біздің көршілермен ынтымақтасудамыз.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Жиырмалық тобымен» белгіленген нұсқада Қазақстанның таза энергия және энергия тиімділігі бойынша нақты мысалын (кейсстади) ұсынды.
Жұмыспен қамту
G20 пікірталастары Қазақстан үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша өз басымдығын жылжыту мен өз бастамаларын ұсынуға тамаша форум болып табылады.
2013 жылғы маусымда Санкт-Петербург қаласында жұмыспен қамту мәселелері бойынша G20 жұмыс тобына қазақстандық тараптан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі белсенді қатысты.
Сондай-ақ қазақстандық тарап 2013 жылғы маусымда Санкт-Петербург қаласында «Жиырмалық топ» жастар саммитіне (Y20 Russia 2013) қатысты.
Қазақстан G20-ның жұмыссыздықты қысқарту, сапалы жұмыс орындарын және лайықты еңбекті құру жөніндегі шараларын қолдайды.
Біздің алдымызда құлшынысымызды болашақ өсім жұмыс орындарын құруға әкелетін тиімді шараларға айналдыру міндеті тұр.
Сауда
Қазақстан G20 Саммитінде өздерінің серіктестері – Ресей және Беларусь атынан Еуразиялық экономикалық аймақтың мүдделеріне өкілдік етеді.
Бұл қауымдастық жұмыс атқарып, Кеден одағының оң жетістігін нығайтты.
Ең жақсы халықаралық тәжірибе мен ДСҰ ережелерінің негізінде сыйымдылығы 170 млн. адамнан асатын және жалпы жиынтық өнімі 2 триллион долларды құрайтын үш мемлекеттің ортақ нарығы құрылды.
Келесі қадам 2015 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақты құру болмақ.
Жалпы Қазақстан G20 мемлекеттерінің барлық бағыттар бойынша бастамалары мен ұсынымдарын толықтай қолдайды.