«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭВАКУАЦИЯЛАУ ҚОСЫНЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖАТТЫҒУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья ТАРАКАНОВА,

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы.

Петропавлдағы “№26 мектеп-балабақша” КММ-де құрама эвакуациялау қосынын орналастыру бойынша нысандық оқу-жаттығу болып өтті. Бұл шара мекемедегі әкімшілік мүшелерінің теориялық білімдерін жетілдіруге және практикалық машықтарын қалыптастыруға, функционалдық лауазымдық міндеттерін орындау кезінде туындайтын қиыншылықтарды жеңе білуге үйретуге бағытталды.  

Оқу-жаттығу кезінде санитарлық-эвакуациялау қосынының (СЭҚ) бастығы мен орынбасарының, СЭҚ хатшысының, есепке алу және тіркеу, жаяу жүргіншілер легі, қоғамдық тәртіпті қорғау, комендант топтарының жұмыс және қызмет орындары, ана мен бала, анықтама үстелі бөлмелері жабдықталды.

Көшіру қосыны әкімшілігінің басшылық құрамы аталмыш шараны ұйымдастыру және өткізу арқылы басқару дағдысын меңгерді.

Алға қойған мақсат пен міндет СЭҚ-ны орналастыру кезінде толығымен орындалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp