«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛЫҚ АУЛАЙ БАРСАҢЫЗ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бос уақыттарын су айдынында балық немесе аң аулап өзкізетін балықшылар мен аңшылардың кезі келді. Су айдынына шығарда, өз қауіпсіздігіңіз туралы ұмытпаған жөн. Себебі осы кезең өте қауіпті. Міндетті түрде жүзу құралдары техникалық жағынан дұрыс болуы, сондай-ақ жеке құтқару құралдарымен жабдықталуы тиіс, бұлар – құтқару жилеті, суға батырмайтын дөңгелек. Және де міндетті түрде қайық үстіндегі тәртіп ережелерін білу қажет. Қайық үстінде тұруға және жүруге, оны бірден қатты қозғалтуға немесе шайқауға, борт сыртына еңкеюге, оған мас күйде мініп жүзуге болмайды.

Балық аулау кезінде ережелерді сақтамай, жеке құтқару құралдарымен жабдықталмағандықтан, 2013 жылы 7 адам суға батып, мерт болды. Мәселен, Мағжан Жұмабаев ауданындағы Ганькино ауылының маңында Половинное көлінде балық аулау кезінде қайықта құтқару жилетінсіз болғандықтан, С. деген азамат суға батып кетті. Ал Қызылжар ауданының Чаша көлінде екі балықшы қайыққа отырып, біреуі тепетеңдікті сақтай алмай құлап, қайық аударылған. Жағаға екі балықшының біреуі ғана оралды.

“СҚО ТЖД Суда құтқару қызметі” ММ Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына суда сақ болуларын ескертеді. Егер де Сіз осындай сияқты уақиғаға куәгер болсаңыз, 112 телефон бойынша хабарласыңыз.

СҚО ТЖД-нің Суда

құтқару қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp