«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРІНІҢ ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Терінің іріңді аурулары (фолликулит, шиқан, сыздауық, шелдің қабынуы, күбірткі және т.б.) тұрмыста да, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшыларында да жиі кездеседі. Ол табиғатта (ауада, суда және жерде) кең тараған іріңдеткіш ауруларды қоздыратын бактериялар арқылы пайда болады.

Сау адамның терісінде орасан зор көлемде микроорганизмдер, оның ішінде іріңдеткіш микробтар да кездеседі. Соңғылары қолайлы жағдай туған кезде жылдам көбейіп, іріңді аурулардың тууына себеп болады. Іріңді аурулар көбіне-көп терінің әртүрлі зақымдануынан (кесіп алу, жарақаттану, терінің сыдырылуы, шөгір кіру) кейін болады, өйткені ол жерлерге ауру қоздырғыш микробтар енеді. Әртүрлі майлар, керосин, бензин, эмульсия тері ауруларын қоздыруы мүмкін. Терінің іріңді аурулары, әсіресе, қант диабеті, ішек-қарын жолының, бүйректің, ағзаға керекті заттарды шығаратын бездердің созылмалы аурулары барлар да, зат алмасу процесі бұзылған, жүдеген адамдарда жиі кездеседі. Кез келген ауру секілді іріңнің ауруын емдегеннен гөрі одан сақтанған жөн. Сондықтан тері гигиенасы мен санитарлық нормаларды сақтай отыра бұл ауруға шалдықпауға болады. Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану, еңбек және демалыс режимін сақтау да организмнің ауруларға қарсылығын күшейтеді. Моншаны, душты жиі пайдалану, терінің тазалығын үнемі сақтап отыру сияқты қарапайым ережелерді сақтаған адамдар арасында терінің іріңді ауруы сирек кездеседі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp