«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒҰЛАМАЛАРДЫҢ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІН САНАМЫЗҒА СІҢІРЕЙІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья ПЕТРОВА,

Новоишим №1 орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

Қазақстанның нағыз патриоты болу үшін, ең алдымен, қазақтың сырлы сазымен, бар бояуымен осы күнге жеткен қасиетті тілін құрметтеу қажет. Өйткені, Президентіміз “Бізді біріктіретін – мемлекеттік тіл” деп бекерге айтқан жоқ.  

Мен үшін қазақ тілі екінші ана тіліме айналды. Есесіне жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Жыл сайынғы олимпиадаларда жеңімпаз атанып, облыстық және республикалық қазақ тілі білгірлері сайыстарында жүлделі орындарға ие болдым.

Осы жылы менің өмірімде тағы бір маңызды жаңалық болды. Мен мамыр айында академик, Қазақстанға еңбек сіңірген мұғалім Қанипа Бітібай атындағы “Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша халықаралық олимпиадаға қатыстым. Бұл тамаша сайысқа шетелдік 7 үміткер қатысты.

Биылғы оқу жылы – мен үшін өте жауапты кезең. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып, өмірге жолдама аламыз. Сыныптас достарымның әрбіреуінің өз арманы бар. Таңдаған мамандығымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз бен мақсатымыз бір. Ол – елімізге адал еңбек ету.

Ғабит Мүсірепов: “Ана тілін құрметтемеу – ештеңені сыйламау деген сөз. Жастар мұны қатты ескеруі керек. Жастар – біздің болашағымыз. Қатты айтып отырғаным сондықтан”, – дейді. Ендеше, ғұламалар айтқан ғибратты сөздерді санамызға сіңіріп, болашаққа жеткізу жолында бірігіп күресейік дегім келеді.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp