«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ ӨМІРДЕ ӨЗ ОРНЫМДЫ ТАБУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Екатерина СМИРНОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Тіл және әдебиет институтының

3-курс студенті.

Қазақстан халқының өз болашағына деген сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Ел тәуелсіздігі мен бірлігінің негізгі кілті болып табылатын мемлекеттік тілімізді дамыту, қолданылу аясын кеңейту – бүгінгі күннің талабы.  

Негiзгi міндет бізге жүктелген, өйткенi Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Олар ұлттық салт-дәстүрлерді, мәдениетті және мемлекеттік тілді мұра етіп, өз елiнің жанашыр азаматы болуы керек.

Мен, Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде, қазақ тілін үйренуді негізгі міндет санаймын.

Тілге деген қызығушылық пен құштарлық менің өмірімде өз орнымды табуға көмектесті.

Жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігінің, Отанға деген патриотизмінің оянуы ата-ана тәрбиесімен тығыз байланысты. Кімде-кім өз тағдырын осы мемлекеттің тағдырымен мәңгілікке байланыстыруды ұйғарса, ол міндетті түрде қазақ тілін құрметтейді, оны игеруге ұмтылады деп есептеймін. Алға қойған менің мақсатым – мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосу.

Біз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Жастарды бірлігі мен татулығы жарасқан еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілінің мәртебесін нығайтып, құрметтеуге шақырамын.

Сіздерді тілдер фестивалінің 15 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp