11 қыркүйек күні Петропавл қаласының Хименко көшесіндегі 3 үйде қайғылы оқиға орын алды. Ата-ана қарауынсыз қалған, 2008 жылы туған қыз бала бес қабатты үйдің ең жоғары қабатындағы балконнан құлап, алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Төтенше оқиға орнында Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының жедел тобы, “Жедел жәрдем” бригадасы жұмыс істеді. Баланың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Облыстық ТЖД-нің
баспасөз қызметі.