«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ГИМНАСТШЫЛАР ЖЕТІСТІКТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2-7 қыркүйек аралығында Алматы қаласы спорттық гимнастикадан ел чемпионатына қатысушыларға төр беріп, жарысқа біздің жерлестеріміз де қатысты.

 Жарыс бағдарламасына гимнастикалық көпсайыс пен жекелеген түрлер енгізілді. Көпсайыс еркін жаттығулар, секіру, бөренеде және жетекшелерде жарысу бойынша өтті.

Жүлделер жеке көрсеткіштер бойынша берілді. Командалық көрсеткіштер есепке алынбады. Осы түрлер бойынша еліміздің сегіз қаласынан үміткерлер сынға түсіп, жүлделердің көбі алматылықтарға бұйырды.

Біздің өңірдің намысын Милана Кузнецова, Дарья Салинова және Кристина Тюканько қорғады. Милана бірінші дәрежедегі спортшылар арасында, ал соңғы екеуі спорт шеберіне кандидаттар тобында шеберлік сынады.

Он үш жасар Д. Салинова – жастар құрамасының мүшесі. Ол өзіне жүктелген межеден көрініп, көпсайыс қорытындысы бойынша өз жасындағы алты үздіктің қатарына қосылды. Ал еркін жаттығулар мен секіруде төртінші нәтиже көрсетті. Одан екі жас кіші М.Кузнецова көпсайыста екінші орын алып, жекелеген түрлер бойынша төртінші нәтижеге қол жеткізді.

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp