«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЙЫНШАДАҒЫ “ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша қаласында өткізілген “Денсаулық фестиваліне” қала тұрғындары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен білім беру мекемелерінің оқушылары белсенділікпен қатысты.

Гүл НҰРАЛИНА,  

журналист.

Аудандық метеостанция ғимаратынан бастау алған бұқаралық жүгіруге аудан әкімі Серік Салтықов, аудан әкімінің орынбасарлары және ведомство басшылары қатысып, спортсүйер қауым орталық “Достық” алаңына дейін жарыса жүгіріп келді. Фестиваль аясында түрлі эстафеталар, марафондар, командалық ойындар, топтық билер болды. Іс-шара барысында ауданымыздағы спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан азаматтар марапатталды.

Тайынша орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Рафальский:

– Ата-бабаларымыз “Халықтың саулығы – ел байлығы” деп текке айтпаған ғой. Содан да болар, бүгінде Елбасы тарапынан спорт саласының дамуына, медициналық қызметтің қолжетімділігіне айрықша назар аударылып келеді, – дей келе, жұртшылықты саламатты өмір салтын насихаттауға шақырды. Ал орталық аудандық аурухана тарапынан ұйымдастырылған “Медициналық қалашық” болса, халыққа тегін медициналық тұрғыда қызмет көрсетті. Мәселен, қалаған адам қан қысымын, жалпы ағза жағдайын аурухана мамандарына тексертіп алу мүмкіндігіне ие болды. Кейін спорт саласында қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға медициналық қобдиша үлестірілді.

Тайынша қаласы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp