Облыс орталығындағы Мир-Интернационал көшелерінің қиылысында түнгі сағат 2 шамасында қайғылы жол оқиғасы орын алды. Көлік қақтығысы куәгерлерінің сөзіне қарағанда, “КІА” маркалы көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, “АУДИ” автокөлігімен соқтығысып қалған. “АУДИ”-дің иесі оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты. Тағы бір адам – осы апаттан зардап шеккен 18 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны жол жиегінен табылды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен, ол да көз жұмды. “КІА” көлігінің жолаушысы тез арада ауруханаға жеткізілді.
Осы қайғылы оқиғаға кінәлі жүргізуші Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.
Биылғы жылдың 8 айы ішінде облыс бойынша 246 жол апаты тіркелді. Оларда 33 адам қаза тауып, 294-і түрлі дене жарақаттарын алған.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.