«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЙЕЛДІ ҚАҒЫП КЕТІП, ІЗІН ЖАСЫРҒАН жүргізуші қолға түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда көлік жүргізушісі жүргіншіні соғып, оқиға орнынан қашып кетті. Қазір жарақат алған 55 жастағы әйел ауруханада жатыр. Ал, жол апаты болған жерден жасырынған жүргізушіні жол полицейлері ізін суытпай қолға түсірді.

Жол апаты Петропавл қаласында таңғы сағат 8.30-да орын алған. “Митсубиси” маркалы көліктің иесі Чайковский-Тоқсан би көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның белгісіне бұрылмақшы болған. Сол сәтте жолдан өтіп бара жатқан әйелді соғып, тайып тұрған. Жүргінші жарақат алды. Куәгерлердің тез арада “Жедел жәрдем” шақыртуымен жәбірленуші №3 қалалық ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары жүргізген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде кінәлі жүргізуші тұтқындалды.

“Күдікті Жол полициясы басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда материалдар жиналып, тергеу бөліміне тапсырылды”, – деп хабарлады Жол полициясы басқармасының іздестіру бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Сағат Нұрмолдин.

Ұсталған 29 жастағы жігіт Петропавл қаласының тұрғыны болып шықты. Ол “Қиылыстан бұрыла бергенімде жол жиегін сыпырып жүрген “Коммунхоздың” қызметкерлері көңілімді бөліп, жаяу жүргіншінің бағдаршамға сәйкес өтіп бара жатқанын байқамай қалдым”, – деп ақталуда.

Жыл басынан бері жүргінші соғып, жасырынған жүргізушілердің саны 20-ға дейін жеткен. Солардың 15-і жедел іздестіру барысында тұтқындалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp