«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҢАЛТУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР САТЫП АЛЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы №1 қалалық ауруханаға “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасына сәйкес “Нұр Отан” ХДП-ның қолдауымен физиотерапиялық жабдықтар сатып алу үшін 24 млн.-нан астам теңге бөлінді.

Аурухананың бас дәрігері Галина Маметова айтқанындай, облыс әкімі Самат Ескендіровтің шешімімен науқастарға медициналық көмек көрсетуге 15 бірлік сауықтыру жабдығы және санитарлық автокөлік алу үшін 24 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.  

Оңалту бөлімшесі 2009 жылдан бері іске қосылған. Қазіргі таңда науқастар неврология, нейрохирургия және травматология бейіндері бойынша емдеуге жатқызылады. Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде 166 науқас ем қабылдаған.

Дәрігер-физиотерапевт Алена Мамонтова омыртқаны емдеуге арналған суасты кешені мен зақым алған науқастарға арналған гидромассаж ваннасы жайында айтып берді. Мұндай құрылғы қалада дәл осы ауруханада ғана бар.  

Физиотерапиялық жабдықтар көбіне-көп бағдарламамен басқарылады. Медициналық қызметкерге бар болғаны диагнозды көрсету қажет. Бағдарлама автоматты түрде емдеу тәсілін таңдайды.

Мұндағы науқастардың бірі – Күләш Ізбасова инсульт алған соң ауруханаға түсіпті. Бүгіндері ол аяқ-қолға жан бітіру үшін емдік дене шынықтыру және жаттығу құрылғысында ем қабылдап жатыр.Ол 3 жаттығудың өзінде аяқ-қолдың қимыл-қозғалысы қалпына келе бастағандығын айтады.

“Барлық науқастарға ем тегін. Дәрігердің анықтамасына сәйкес амбулаторлық науқастар да физио-терапиялық ем шараларынан өте алады” – деді аурухананың бас дәрігері.

(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp