«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН ӨСКЕН БАСШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Николай ДЯТЛОВ,

Шал ақын аудандық мәслихаттың хатшысы.

Кейбір адамдар туралы: “Ол халық арасынан шықты, бәріне өз еңбегімен қол жеткізді, қатардағы жұмысшы болып бастады да, кәсіпорын басшысына дейін өсті”, – деп жатады. Мұндай басшылар қоғамда әрдайым сыйлы. Аудандағы телекоммуникация торабының бастығы Виктор Федоров та адамдардың осы санатына жатады. Ол – Марьевка ауылының тумасы. Виктордың балалық, жастық шағы Сергеевка қаласында өтті. Сонымен қатар, оның ойламаған жерден табылған кәсібі де осында басталды.

Мектеп бітіргеннен кейін ауданда салынып жатқан құрылыстарға қызыққан және оқушы кезінен жазғы демалыста өзі де қатысқандықтан, ол Ауыл шаруашылығы институтының архитектура бөліміне оқуға түсуге талпынды. Алайда, алға қойған мақсатына сәл ғана жете алмай қалды. Үйіне келген соң Виктор құрылыс материалдары мен конструкциялары комбинатына ағаш ұстасы болып жұмысқа тұрды. Ол ұсталық жұмысты жақсы меңгеріп, комбинатта тәжірибе жинағаннан кейін бұл кәсіпте нақты жетістіктерге қол жеткізді.

Одан әрі әскери қызметін өтеді. Әскерден Сергеевкаға қайтып келді. Бірақ оның бұрынғы жұмыс істеген жерінде бос орын болмаған еді. Ал оның жолдастарының бәрі байланыс саласында жұмыс істеп жүргентін. Виктор да жаңа кәсіпті игеруге бел буып, электромонтер болып істей бастады.

Кейін бір жағдайларға байланысты Виктордың отбасымен бірге туған ауылынан Алматы облысына көшуіне тура келді. Бес жыл бойы әскери бөлімде прапорщик болып қызмет атқарды. Алайда, әскери қызмет оның қолы болмай шықты. 1983 жылы ол ауылына қайтып оралып, ауылдық АТС жөндеу бойынша электромеханик болып өз кәсіпорнына жұмысқа тұрды. Содан кейін тораптық-аппараттық залға инженер болып ауыстырылды, кейін бас инженер қызметін атқарды, ал 1997 жылдан бастап аудандық телекоммуникация торабын басқарады.

Жұмыс істей жүріп, ол Алматы байланыс техникумын тамамдады, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді. Осы жылдар ішінде кәсіпорын да біршама өзгереді. Заманауи технологиялардың байланыс мүмкіндіктері де кеңейді, бірінші орынға Интернет, сандық және интерактивтік телевидение және телефония шықты. Алайда, бұл кәсіпорындағы қызмет сапасы ерекше. Мұнда қалыптасқан өз дәстүрлері бар. Қызметкерлері зейнет демалысына шыққаннан кейін де, кәсіпорынның қамқорлығын сезінеді. Осының бәрі Виктор Константиновичке байланысты. Ол – өзінің кәсіби біліктілігін, білімін, тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін біріктіре білген басшы. Мұнда басшы мен оның қол астындағы қызметкерлер емес, бірлескен команда жұмыс істейді.

Виктор Константинович үнемі ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Екі шақырылым бойы ол Городецк сайлау округі бойынша аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Телекоммуникация қызметін дамыту жөніндегі жұмыстардан басқа, округтегі барлық әлеуметтік нысандар ұдайы назарында.

Халық қалаулысы белсенді өмірді жақтайды, балықшы, аңшы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp