«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАРАТ ЖҮКЕНОВ – ОЗАТ ЖҮРГІЗУШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Петропавл автодромында өрт сөндіру автомобильдерінің жылдамдықта маневр жасауы бойынша облыстық жарыс өтті. Онда бұдан бұрын өңірлік жарыстардың жеңімпаздары болған “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ өрт сөндіру бөлімдерінің 4 қызметкері “Озат жүргізуші” атағына таласты. 

Қасен ҚҰСЫЛБАЕВ,

Өртке қарсы күрес қызметінің подполковнигі.

СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығының орынбасары Серік Дүйсембеков жарыстың ашылуында “Төтенше жағдайда барлығы өрт сөндіру машинасы жүргізушісінің шеберлігі мен кәсіпқойлығына байланысты, өйткені ол, жолда апаттық жағдайларды туғызбай, өрт болған жерге өрт сөндірушілерді жедел жеткізу керек. Сондықтан осындай жарыстар шеберлікті арттыру және жүргізушілер арасында тәжірибе алмасу үшін өте маңызды”, – деп қадап айтты.

Жарыстардың тәжірибелік кезеңінде қатысушылар кедергілерімен қиын маршрутты жедел өту, су көзінен су алып, жеңдер желісіне суды тез беруі керек болатын. Жарысқа қатысушылар өздерінің көлікті кәсіби жүргізуін және арнайы агрегаттармен жұмыс істеу машығын көрсете білді. Жарыс нәтижесі бойынша “Жылдамдықта маневр жасау бойынша озат жүргізуші” атағын қашықтықты ең аз уақытта жүріп өткен Петропавл қаласы МЖ 2-МӨСБ жүргізушісі Марат Жүкенов алды, екінші орында – Жамбыл ауданы 11-ӨСБ жүргізушісі Ринат Сүлейманов, үшінші орын азын-аулақ айырмашылықпен Шал ақын ауданы 20-ӨСБ жүргізушісі Мұхтар Шәріповке бұйырды. Жарыс жеңімпаздарын Серік Дүйсембеков салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp