«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Жыл сайын 1 қазаннан 1 қарашаға дейін өткізілетін қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы облысымызда дәстүрге айналған. Осы кезеңде зейнеткерлер мен мүгедектердің көптеген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешіледі, мұның өзі қысқы маусым қарсаңында ерекше маңызды.

Облыста зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы ашатын Қарттар күнін өткізуге дайындық жұмысы қазірдің өзінде өрістей түсті.

2013 жылғы 21 қыркүйекте ұйымдастырылатын қайырымдылық сенбілігін ұйымдастыру және өткізу жөнінде жұмыс тобы құрылды.

Зейнеткерлер мен мүгедектерді қайырымдылық шараларымен барынша қамту мақсатында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын облыстық қайырымдылық сенбілігіне белсене қатысуға шақырамыз. Айлық нәтижесі көбіне-көп Сіздердің ұстанымдарыңыз бен жеке өнегелеріңізге байланысты.

Облыстың барлық тұрғындарын аға буын өкілдеріне лайықты құрмет көрсету үшін қаржы жинауға қолдан келгенше үлес қосуға және қайырымдылық сенбілігіне белсене қатысуға шақырамыз.

Әрқайсымыздың үлесіміз үлкен де игі іске ұласады.

Ұйымдастыру комитеті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp