«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС ОТБАСЫЛАР мен ЖЕТКІНШЕКТЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,

журналист.

Отбасы күніне орай аудан әкімі Қайрат Пішенбаев көпбалалы жас шаңырақтарды мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті.  

Медвежка ауылында тұратын Наврузалиевтер отбасы екі ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр. Отағасы Мадатбай Құрбанбайұлы “Коняева Т.А.” ЖК құрылысшы болып істейді, жұбайы Роза Умарбайқызы бала күтімі бойынша демалыста. Балалардың үлкені 14 жаста болса, кенжесінің дүниеге келгеніне бір ай толыпты. “Біз мұндай жас отбасыларға ерекше қамқорлық жасауымыз керек”, – деген Қайрат Сәкенұлы оларға өз сыйлығын табыс етті.

Орынбасаровтар әулеті де бұл күні аудан әкімінің сыйлығына ие болды. Әсемгүл Салыққызы күйеуі екеуі екі қыз тәрбиелеуде. Міне, мереке қарсаңында бұл шаңырақта қуанышты жағдай орын алып, шекесі торсықтай ұл дүниеге келіпті. Жас ана мен сәбидің денсаулығы жайлы сұрастырған аудан басшысы оларға игі тілек білдірді.

Л. Э. Крепс “Пальчик В.Т.” ЖК Булаев май зауытында жұмыс істейді. Жалғызбасты ана. Қайрат Пішенбаев екі ұл мен бір қызына тәрбие беріп өсірген анаға сыйлық тарту етті.

Бұл күні аудан әкімінің жолы Полудино Балалар үйіне де түсті. Онда аудан басшысы балалардың тұрмысымен және білім алуымен, мекеме тәрбиешілері қолданатын тәрбиелеу әдістерімен танысты, барлық топтарды аралап, балалармен әңгімелесті. Сыйлы қонақтармен тез тіл табысқан бүлдіршіндер оларға тақпақ айтып, ән салып, ойындар көрсетті. Қайрат Сәкенұлы мұнда да құр қол келмей, ересек топқа компьютер сыйлады. Ұстаздар қауымы мен балғындар рахметін айтып, қуаныштарын жасырмады.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp