«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.10.2013

КӨП ЖАЙҒА ҚАНЫҚТЫРДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Статистика департаментінде 2013 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған брифинг өтті. Онда облыстағы өнеркәсіп өндірісінің өсімі мен көлемі, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, бөлшек сауда тауар айналымы, құрылыс, іске қосылған нысандар саны, тұрмыс деңгейі мен еңбек нарығы және тағы да басқа салалар бойынша статистикалық деректер сөз болды. Брифингте департамент …

КӨП ЖАЙҒА ҚАНЫҚТЫРДЫ Read More »

СЛАВЯН МӘДЕНИЕТІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында орыс Православие шіркеуінің, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының, “Қазақстанның Орыс қауымдастығы” Солтүстік Қазақстан филиалының және “Сібір казактарының бауырластығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Покровский перезвон” славян мәдениетінің облыстық фестивалі болып өтті.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл шара өңірімізде 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Әдеттегідей осы жолғы да фестивальге түрлі жастағы өнерпаздар жиналды. …

СЛАВЯН МӘДЕНИЕТІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФЕСТИВАЛІ Read More »

ОБЛЫСТЫҚ МҰРАҒАТҚА – 90 ЖЫЛ

Гүлбике КУБЕНОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Осыған орай облыстық мұрағат “Ашық есік күнін” өткізді және көрме ұйымдастырды. Оған мұрағат қызметкерлері, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен студенттері қатысты. 1923 жылы 18 қазанда Ақмола губерниялық атқару комитетінің қаулысымен Петропавлда Ақмола губерниялық мұрағатының бюросы ұйымдастырылған. Осы сәттен бастап өткеніміз жайлы деректер мен құжаттар құнды зат ретінде жинала бастады. Бүгінде жерлес мұрағатшылардың …

ОБЛЫСТЫҚ МҰРАҒАТҚА – 90 ЖЫЛ Read More »

ӨҢІР НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ОҚУШЫЛАР тағы да 2-ші орын алды

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушылары Алматы қаласында өткен ІІІ республикалық астрономиялық турнирде 2-ші орын алды. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің әр өңірінен және Қырғызстаннан 18 команда қатысып, қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептердің оқушылары өзара бақ сынасқан. Өңіріміздің намысын қорғаған аталмыш гимназия-интернаттың 9-11 сыныптардың 5 оқушысынан құралған командасының мүшелері турнирдің …

ӨҢІР НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ОҚУШЫЛАР тағы да 2-ші орын алды Read More »

ӨРЕНДЕР ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

  Марал ЖОЛМҰҚАНОВ, Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің инженері.   Жуырда Жамбыл ауданындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Құтқарушылар күніне орай “Ашық есік күні” өтті. Бұл күні өртсөндірушілер жергілікті мектеп оқушыларын қарсы алып, отты ауыздықтаудың амалдарын, апаттық-құтқарушылық жұмыстың тәсілдерін, өрт сөндіру техникаларының мүмкіншіліктерімен таныстырды. Балалар төтенше жағдайлар жөніндегі мамандардың жұмысымен танысып, өртсөндірушілердің қызметтік киімдерін …

ӨРЕНДЕР ӨРТСӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІК СТЕЛАСЫ АЛАҢЫНДАҒЫ АВТОШЕРУ

  Төтенше жағдайлар қызметінің құрылу күніне орай облыс орталығының Тәуелсіздік стеласы алдында құтқарушылар мен өртсөндірушілердің арнайы техникаларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде өрт сөндіру және апаттық-құтқару, сондай-ақ судан құтқару қызметтері өздерінің арнайы автокөліктерін, құтқару жабдықтары мен саймандарын қалалықтардың назарына ұсынды. Тізілген өрт сөндіру көліктері қала тұрғындарының назарын еріксіз аударды. Олар апаттық-құтқару автомобильдерін, автоцистерналарды, автобаспалдақтарды, сондай-ақ байланыс және …

ТӘУЕЛСІЗДІК СТЕЛАСЫ АЛАҢЫНДАҒЫ АВТОШЕРУ Read More »

ТӨЛ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ТУРНИР

Кәсіби мереке қарсаңында Мағжан Жұмабев ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Булаево қаласында ұйымдар мен мекемелер арасында волейболдан турнир ұйымдастырды. Бұл спорттық іс-шара №4 орта мектептің спорт залында өтіп, онда 6 ұжым бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атағын Каспий банк пен №3 Булаево орта мектебінің ұжымынан құрылған құрама команда жеңіп алды. 2-ші орынды ауданның …

ТӨЛ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ТУРНИР Read More »

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР – ЖЕҢІМПАЗДАР

СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерінің арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс өткізілді. Жарысқа Петропавл қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдері қатысты. Жаттығу мұнарасындағы 4-ші қабаттың терезесіне шабуылдау сатысымен көтерілу бойынша басқарма аппараты командасының өкілі Руслан Мукеев алдына жан салмады және кедергілері бар 100 метрлік жолақты бағындыру бойынша ең жақсы нәтиже …

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ӨРТСӨНДІРУШІЛЕР – ЖЕҢІМПАЗДАР Read More »

НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

18 қазанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс ХV съезі болып, оның жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Съезд жұмысын партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ашып, жүргізді. Осыдан бір жылдай бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жариялап, еліміздің алдына әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына …

НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА Read More »

“НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасының Президенті, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның XV съезінде сөйлеген сөзі

Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар! Бүгінгі басқосудың орны айрықша. Өткен 15 жылдың қорытындысын шығару тұрғысынан және болашақ бағдар тұрғысынан да бөлекше күн. Бұл – еліміз “Қазақстан – 2050” Стратегиясын қабылдағаннан бергі партиямыздың алғашқы басқосуы. Біз алыс болашаққа көз тігіп, алдымызға биік межелер белгіледік. Қандай мақсатқа қай жолмен жететінімізді нақтылап, оны жүзеге асыруға кірістік. Еліміздің ертеңгі …

“НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫ КӨШБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасының Президенті, “Нұр Отан” партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның XV съезінде сөйлеген сөзі Read More »

МҮМКІНДІГІНШЕ МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ЖИНАЛУДА

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, өткен демалыс күндеріндегі орақ жұмыстары айтарлықтай өзгеріс әкелген жоқ. Ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты дәнді дақылдарды жинау бір аптадан бері 97,6 пайыздық көрсеткіштен жылжымай қойды. Кешегі күнге дейін сол бұрынғысынша 3487,8 мың гектардың дәнді дақылдары орылып, барлығы 5113,1 мың тонна астық бастырылғаны туралы ақпарат өзгеріссіз күйінде қалып отыр. …

МҮМКІНДІГІНШЕ МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ЖИНАЛУДА Read More »

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

18 қазанда Төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күні аталып өтілді. Петропавл қалалық Мәдениет үйінде өткен аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов қатысты. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш салтанатты шараға жиналғандарға өрт сөндіру бөлімдерінің техникалық мүмкіндіктері көрсетіліп, арнайы көрме ұйымдастырылды. Ол жерден тілсіз жаумен күресуге арналған көне және заманауи құрылғыларды көруге болады.   Өңіріміздің төтенше жағдайлар …

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Read More »

“ҮЗДІК АСПАЗ” АНЫҚТАЛДЫ

Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде “Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл жастары одағы” корпоративтік қоры облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен “Мен кәсіпқой – 2013” жобасының аясында облыстық колледж оқушылары арасында “Үздік аспаз” байқауын өткізді.   “Үздік аспаз” деген атаққа төрт үміткер таласты. Атап айтқанда, Дмитрий Асташкин мен Ирина Жигульская қалалық Қызмет көрсету саласы …

“ҮЗДІК АСПАЗ” АНЫҚТАЛДЫ Read More »

ҚОҚЫСТАН ДА ЖАЙНАҒАН ТУЫНДЫ ЖАСАЛАДЫ

Әдетте қоқыс жәшігіне тасталатын қажетсіз заттар – қағаз, мата қиындылары, керексіз ыдыс-аяқтар, киім-кешек, полиэтилен пакеттері, ескі газеттер, СД дискілер, пластик, тіпті жұмыртқаның қабығы мен кәмпиттің қағазынан көздің жауын алатын түрлі бұйымдар жасауға болатындығына сенесіз бе? Сенбесеңіз, облыстық өнер мұражайында ашылған “ХламArt” көрмесіне барып, көз жеткізуіңізге болады. Қоқыстан да небір қолөнер бұйымдарын жасауға болады екен. Бақытжан …

ҚОҚЫСТАН ДА ЖАЙНАҒАН ТУЫНДЫ ЖАСАЛАДЫ Read More »

ҚАРИЯЛАР ҰЛЫ АҚЫНМЕН ҚАУЫШТЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Өйтпесе, Мағжан бола ма?” қойылымы қарттарды қолдау айлығының аясында көрсетілді. Оны облыстың ардагерлері тамашалады. Театрға Мамлют, Қызылжар, Аққайың және облыс орталығының алдыңғы толқын өкілдері жиналды. Жерлес ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына негізделіп сахналанған қойылымды көруге ауыл-аймақтардан арнайы келген ардагерлер қайырымдылық іс-шарасын өткізген театр ұжымына разылық білдірді. Ақын өлеңдеріне жан бітіре …

ҚАРИЯЛАР ҰЛЫ АҚЫНМЕН ҚАУЫШТЫ Read More »

24-ші МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Облыстық қуыршақ театры 24-ші театр маусымын жаңа спектакльмен ашты. Көрермендерге ұсынылған “Қырдың аппақ аруы” қойылымының авторы – Бийке Кулунчакова, ал режиссері – Евгений Пермяков.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Бұл қойылымды ертегіден гөрі аңыз деп атаған дұрыстау. Қойылым барысында әдетте жағымсыз болып саналатын кейіпкерлердің бойынан мейірімділіктің ұшқынын көруге болады. “Адам аласы ішінде” демекші, адам баласының …

24-ші МАУСЫМ АШЫЛДЫ Read More »

САХНА САНДУҒАШЫ атанған Роза Бағланова – елдің есінде

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Сағындым, апа, даусыңды” деген тақырыпта Халық қаһарманы, КСРО халық артисі Роза Бағланованы еске алу кеші болып өтті. Кеш барысында Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева және облыстық филармонияның әншілері мен бишілері өнер көрсетті. Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Оның әндерін Қазақстанның және Кеңес одағының бірнеше буыны …

САХНА САНДУҒАШЫ атанған Роза Бағланова – елдің есінде Read More »

ЖАСӨСПІРІМ КИКБОКСШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

Петропавлда кикбоксингтен облыс біріншілігі өтті. Дүбірлі додаға Мағжан Жұмабаев, Шал ақын, Қызылжар, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардан және облыс орталығынан 70-тен астам спортшы қатысты. Чемпионатқа қатысушылар – 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Екі күнге созылған бәсекелі доданың жеңімпаздарына жеке тоқталар болсақ, 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында – Данияр Жарасов (36 кг.), Қайрат Қамзаев (42 кг.), Әбдужаппар Мұхымтаев …

ЖАСӨСПІРІМ КИКБОКСШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ Read More »

АЛТЫН ДА, ҚОЛА ДА – ҚОЛДА

Шымкентте ел Кубогын сарапқа салған тас жолдағы веложарыс мәреге жетті. Велошабандоздар критериум бойынша сынға түсті. Тартысты өткен сайыстың үздіктері тек мәреге жақындағанда ғана белгілі болды. Жарыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық Жандос Бижігітов (23 ұпай) бірінші орынға қол жеткізді. Ал Павлодар облысының өкілі Роман Семенов (15 ұпай) екінші болса, тағы бір жерлесіміз Олег Земляков (14 ұпай) мәре …

АЛТЫН ДА, ҚОЛА ДА – ҚОЛДА Read More »

ЖАҺАН БОКСШЫЛАРЫ АЛМАТЫҒА ЖИНАЛДЫ

Алматыда қазақ топырағында алғаш рет жазғы Олимпиада ойындарына енген спорт түрінен әлем чемпионаты өз жалауын көтерді. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде керілген шаршы алаңда 116 елдің 576 боксшысы 12 күн бойы спортсүйер қауымға бокс кешін сыйлап, бәсекеде 40 жүлдені сарапқа салуда.  Бұл жолғы әлем чемпионатында Қазақстанның намысын 10 боксшы қорғауда. Олар – Пекин және Лондон …

ЖАҺАН БОКСШЫЛАРЫ АЛМАТЫҒА ЖИНАЛДЫ Read More »