«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚ ҚАЙЫҢНЫҢ ҚАСИЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақ қайың – көпшілікке өзінің сұлу сымбатымен мәлім орман ағашы. Медицинада қайыңның бүрлерін, сирек болса да жапырақтарын дәрі-дәрмектер үшін пайдаланады. Ақ қайың бүрлерінен жасалған қайнатынды көп жағдайда несеп және өт жүргізетін дәрі ретінде, ал оның жапырағынан жасалған қайнатынды гипо және авитоминоз кезінде қолданылады.

Ақ қайыңның дәрілік тағы бір қасиеті – оның бүрінен алынған қайнатынды мен тұнба әртүрлі препараттар ретінде ревматизмді, өт жолы мен бүйрек тастарын, бронхит, өкпе туберкулезін, ұзаққа созылған іш және бауыр ауруын емдеуге пайдалы.

Жалпы қайыңның жапырағында екі пайыз қант, кальций тотығы және басқа да иісті заттар бар. Осыған орай одан қырқұлаққа қарсы, тәбет арттыратын, қан тазартатын, әл беретін дәрілерді де жасауға болады. Ол квас, шырын, сироп ретінде ішіледі.

Мұның өзі буын ауруларынан, теміреткеден, бөртпеден жазылуға да себін тигізеді.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp