«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“КРАЙСЛЕР” МІНГЕН ҚЫЗ жаяу жүргіншіні соғып, апат орнынан кетіп қалғаны үшін айыпталуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жол полицейлері жаяу жүргіншілер жолында әйел адамды соғып, оқиға орнынан кетіп қалған петропавлдық 27 жастағы тұрғынды ұстады.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

48 жастағы облыс орталығының тұрғыны Абай көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатып, “Крайслер” маркалы автокөлігінен зардап шеккен. Жәбірленуші ауруханаға дене жарақаттарымен түсіп, ем алған соң жол апаты болған жерге полицейлер келген. Жол қозғалысын анықтау оңайға түскен жоқ. Бірақ бейнекамералардың көмегімен апатқа “Крайслердің” жүргізушісі – 27 жастағы қыздың кінәлі екендігі белгілі болды. Айтуынша, ол оқиға орын алған соң көлігінен шығып, жәбірленушіге көмегін ұсынған. “Алайда, әйел адам көмектен бас тартқан соң мен оқиға орнынан кетіп қалдым”, – деп отыр. Жол қозғалысы ережесіне сәйкес жол апатына қатысы бар жүргізуші жәбірленушіге дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуге, “Жедел жәрдем” шақыруға және апат туралы тез арада ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.  

Қазір жол апатына кінәлі қызды жауапқа тарту мәселесі қаралу үстінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp