«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒҰМЫРЫҢ ҰЗАҚ БОЛСЫН ДЕСЕҢ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастық және ауру – бірі-бірімен мүлдем үйлеспейтін ұғым. Бірақ, өкінішке қарай, жастары ұлғайған шақта ауырған адамдарды тексере келгенде олардың сырқаты жас кезінде басталғаны анықталып жатады. Осыған не себеп?

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ,

дәрігер-терапевт.

Басты себеп жас адамдар өздеріне табиғат сыйлаған қалыпты денсаулығын қадірлемей, оған нұқсан келтіретін зиянды әуестерге үйір болуы екенін ашық айту керек. Бүгінде көптеген жастар ой еңбегімен айналысады. Ағзаның бұлшық еттеріне салмақ аз түсіреді. Бұл адамға пайда әкелмейді. Денені шынықтыру қажет. Спортпен, дене тәрбиесімен айналысу керек. Алайда, көпшілік жастар бұл талапты орындамайды.

Зиянды әдеттердің бірі – темекі шегу. Шылымның түтіні жас адамдардың тыныс алу жолдарының, асқазанның, жүректің, қан тамырлары жүйесінің жұмыс істеуіне кері әсер етеді. Жалпы алғанда темекі түтінінен ағзаға келер зиян шашетектен. Өкінішке қарай, соңғы кезде қыздар мен келіншектер темекі шегуге әуес болды. Бұл оларға мүлдем жараспайтыны былай тұрсын, оған қоса көк түтін әйелдердің бет терісін бұзып, әжімді ерте түсіреді. Дауыс ырғағында да өзгеріс байқалып, қарлығады. Көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды. Сондықтан да, темекіден бойды аулақ ұстау керек.

Спирттік ішімдіктердің де адам ағзасына зияндылығы темекі шегуден асып түспесе, кем емес. Алкоголь ең алдымен жүйке жүйесіне әсер етеді. Мидың жұмыс істеуіне бөгет жасайды. Арақты аз мөлшерде ішудің өзі ағзаны улайды. Сондықтан да, ащы судан барынша арылу қажет.

Адамның ұзақ өмір сүруіне оның жас кезіндегі тұрмыс жағдайы негіз болары анық. Осы орайда әркім бала кезінен бастап саламатты өмір салтын ұстанса, қартайған кезінде денсаулығы мықты болары кәміл.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp