«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Петропавл жылу жүйелері” ЖШС-де “Өз мамандығының үздігі – 2013” кәсіби шеберлік байқауы өтті.  

Тәжірибелік және теориялық кезеңдерден тұратын байқауда облыс орталығындағы жылу жүйелерін жөндеу қызметінің үздік бригадасы атағына иелену үшін үш команда бақ сынады. Алғашқы тапсырмада жөндеушілерге сапалы әрі қысқа уақыттың ішінде арнайы комиссия белгілеген көрсеткіштер бойынша құбыр дайындамасын жасау міндеті қойылды. Сонымен қатар шын өмірдегіге жақын жағдайда, яғни байқау сценарийі бойынша құбыр жарылып, жылу берушілер бүлінген жылу магистралін құбыр бөлігімен алмастыру арқылы апатты жедел жоюлары керек болатын. Бригадалардың шапшаңдығы мен кәсіби шеберлігі тұрғындарды жылумен қамтамасыз етудің сапасын жақсарта түсері анық. Сол себепті комиссия ұжымдардың еңбегін барлық өлшемдерге сай бағалауға тырысты.  

Екінші кезеңде командаларға теориялық сұрақтар қойылды. Байқау қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Анатолий Плохов басқаратын №1 жүйе ауданының бригадасы жоғары нәтиже көрсетсе, “Өз мамандығының үздігі” атағына электргазбен дәнекерлеуші Дмитрий Волков, газбен кесуші Николай Голиков және темір ұстасы Артем Окс ие болды.

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ның қоғаммен жұмыс жөніндегі бөлімі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp