Доңғалақ-Күннің шырқауы,
Тас төбеңдегі нұр тауы –
Тал түстен асқан жоқ мезгіл,
Алтыннан құйған құрсауы.
От шашқан отыз жасыңда
Қайраттың қардай бұрқауы.
Шаңқай түс – шырқау биікке
Алланың: “Шық!” – деп жұмсауы.
Төбеңнен төніп тұратын
Күнді аңсар, тіпті, мылқауы.
Табанды қазақ аз, әттең,
Таусылмас оның сылтауы.
Және де тойшыл, ұйқышыл,
Жалқаулық деген – ұлт жауы.
Ұялмас халқым арақтан,
Ұлғая түсті ұрттауы.
Бәрінен басым сор мынау:
Бірінен-бірі сырттауы…
Жұртым-ау, көктен мені ізде,
Жайқалар сонда жыр бауы.
Алайда бізге бөгет көп:
Ақшасыз және ауру-сырқауы…
Құрулы жатыр жасырын
Қулық-сұмдықтың қырық ауы…
Жаныңды жайып салмайсың
Жайылмасын деп жұртқа уы.
… Шаңқай түс – шырқау биікте
Арманның жатыр бір тауы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 19.11.2024
- 0 қаралым
- 15.11.2024
- 16 қаралым
- 15.11.2024
- 5 қаралым