«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕГІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазанның 23-і күні өткен 1/4 финалының тартысының қорытындысы бойынша бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына сегіз қазақстандық шықты. Ереже бойынша жартылай финалға шыққан боксшы кем дегенде қола медаль алады. Осы ережеге сүйенсек, қазірдің өзінде Қазақстан құрамасында сегіз жүлде бар.

Жартылай финалдағы жерлес боксшылардың қарсыластарына тоқталар болсақ, Біржан Жақыптың (49 кг.) жартылай финалдағы қарсыласы – кубалық Йосбани Вейтиа Сото. Қайрат Ералиев (56 кг.) жартылай финалда Әзірбайжан елінің азаматы Джавид Шалабиевпен кездеседі. Берік Әбдірахманов (60 кг.) финалға шығу үшін Лазаро Эстраданы (Куба) ұтуы керек. Мерей Ақшаловтың (64 кг.) келесі қарсыласы 2011 жылғы әлем чемпионы Эвертон Лопес (Бразилия) болмақ. Данияр Елеусіновтің (69 кг.) келесі қарсыласы – германиялық боксшы Аражик Маритжан. Жәнібек Әлімханұлы (75 кг.) ақтық ойынға шығу үшін Антони Поулерді (Англия) жеңуі тиіс. Әділбек Ниязымбетовтың (81 кг.) жартылай финалдағы қарсыласы – Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан). Иван Дычко (+91 кг.) енді Эрик Пфейфермен (Әзірбайжан) бокстасады.

Жартылай финалға Қазақстанның сегіз боксшысынан басқа Кубаның – бес, Ресейдің – төрт, Италия мен Әзірбайжанның – үш, Германия, Өзбекстан, Бразилия және Ирландия елдерінен екі боксшыдан жолдама алды. Ал Уэльс, Таиланд, Украина, Моңғолия, Венесуэла, Англия, Аргентина, Алжир, Коста-Рикадан бір-бір боксшы келесі айналымға өтті.

Бокстан әлем чемпионатының финалдық ойындары бүгін өтеді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp