“Қарама-қарсы бағыт” жедел-алдын алу шарасын жүргізген үш күн ішінде облыстың жол полицейлері жолда жүру тәртібін бұзудың 898 фактісін тіркеді.
Қарама-қарсы бағытқа шығып кету – жол-көлік апаттарының негізгі себептерінің бірі. Сол себепті осы жолғы жедел-алдын алу шарасында бұл мәселеге мән берілді. Жыл басынан бері облыс аумағында қарама-қарсы бағытқа шығу салдарынан 24 жол-көлік апаты орын алған. Бұл оқиғаларда 9 адам қаза тауып, 55-і жарақаттанды.
Үш күн ішінде тыйым салынған учаскелерде қарсы бағытқа шыққан 61 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. 153 көлік иесі – жылдамдықты асырғаны, 44-і мас күйде рульге отырғаны үшін ұсталды. Қауіпсіздік белбеуін тақтапағандар да анықталды. 136 жүргізуші осы үшін айыпты болды. 65 адам рульде отырып, ұялы телефон арқылы сөйлескендері үшін жазаланды.
Бұған қоса, жол полицейлері 21 қазанда “Қауіпсіз жол” шарасын бастады. Мұнда да жұмыс жол апаттарын болдырмауға бағытталып отыр.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.