«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙСЫЗДЫҚТАН МЕРТ БОЛҒАНДАР АЗАЯР ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Жұмабаев ауданындағы Ұзынкөл ауылының 65 жастағы тұрғынының өмірі жылыту пешінің дұрыс орнатылмағандығынан шыққан өрттен үзілді.

М.Жұмабаев ауданының Успенка ауылында түн ортасында көрші үйден жалындаған от пен түтінді байқаған тұрғындар көмекке жүгіреді. Үш жас жігіт отты сөндіруге тырысса, екеуі үйде есінен танып қалған 65 жастағы зейнеткерді құтқаруға асығады. Зейнеткер мен оны құтқаруға көмектескен 19 жастағы жігітті күйік шалып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Алайда, үй иесі алған күйіктен 3 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Көз жұмар алдында зейнеткер темекі шегіп, сөндірілмеген тұқылды кіреберіске тастағанын айтқан.

Петропавл қаласындағы Крылов көшесінің бойында орналасқан жекеменшік үйлердің бірінің кіреберіс бөлмесінде қысқа тұйықталу болып, шыққан от ағаш құрылысты бірден шарпыған. 44 жастағы әйел құжаттарды алу үшін үйге жүгіріп кіргенде газ баллоны жарылып, ол түрлі деңгейдегі дене жарақатын алып, термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье ауылының тұрғыны газ баллонын орнатуда қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған. Ол баллонды орнатқаннан кейін оны тексермек болып, сіріңке жаққан. Бақытына орай үй иесі дін аман.

Аталған ауданның Салқынкөл ауылында да өрт оқиғасы тіркелді. Ауыл тұрғынының 8 жастағы ұлы сіріңке жағып ойнап, қора-қопсыны күйдірді. Зардап шеккендер жоқ.

Жамбыл ауданының Пресновка ауылының тұрғыны жапырақ күйдіріп, одан ұшқан ұшқын жақын маңда үйілген шөп пен сабанға тиген. 40 центнер пішен өртеніп кетті.

Петропавл қаласында газ дәнекерлеу жұмысын жүргізгенде өрт қауіпсіздігін бұзудың кесірінен “Ауди-80” көлігінен өрт шықты. Машинаның іші толықтай өртеніп, моторы мен жүк салғышы зақымданды.

“Тайынша-Көкшетау” автожолында Тайынша ауданының Большой Изюм ауылының маңында “ГАЗель 2705-222” көлігі өртеніп кетті.

20 қазан күні Ақжар ауданындағы “Барыс-Агро” ШҚ-ның алқабында төтенше жағдай орын алды. “Лұқпанов” ЖШС-нің16 жастағы механизаторы бидай толы бункерді төгу барысында абайсыздан айналып тұрған біліктің шынжырына сыртқы киімі ілініп, алған жарақаттан сол жерде мерт болды.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp